«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарағай ауылының бастауыш білім беретін мектебі»
КММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі.
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарағай ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бекет көшесі,11
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Қарағай ауылының бастауыш білім беретін мектебі 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы мектеп 3 қызмет көрсетті;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 3 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер -0 қызмет;
қағаз нұсқасында көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 0 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2022 жылмен салыстырғанда мектеп 6 қызмет көрсетті;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 6 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 0 қызмет;
қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 0 қызмет.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат http://sc0063.zerenda.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 ресми интернет ресурсында орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" мектепте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2023 жылы мектеп әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізді. Ай сайынғы негізде халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс шаралар.
Мектете саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
-2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
қызметті алушылардың қанағаттанушылығын және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.