Қарағай ауылының бастауыш мектебінде 8-20 қараша
аралығында атқарылған «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндіктің есебі
Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын баланың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты. Жастар арасында, үйде немесе көшеде кездесетін зорлық – зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе болып отыр, кейде оны анықтаудың өзі қиын. Осы мақсатта біздің мектебімізде зорлық – зомбылықтың және бала еңбегінің ең қиын түріне жол бермеудің алдын алу бойынша «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік бойынша оқушылармен, ата – аналармен, ұстаздармен іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар толығымен жоспар бойынша жүзеге асты. Республикалық акцияның басталуы туралы әлеуметтік желіде хабарлама жасалды.
1 – 4 сыныптар арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.
1-4 сынып оқушыларына құқықбұзушылық пен зорлық – зомбылық тақырыбында әңгімелесіп, оқушыларға үнемі тәртіп сақтау керек екенін айтып өтті. «Отбасындағы зорлы-зомбылықтың түрлері» атты оқушыларға бейне ролик көрсетілді.
«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
«Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі» деген тақырыпта ата – аналар жиналысы өтіп, баяндама оқылды. Ата – аналарға «Мальчик и девочка», «Жестокое отношение» бейне ролик көрсетілді. Ата – аналар өз ойларын ортаға салып талқылау жұмыстары өткізілді. Онкүндік барысында үнемі әлеуметтік желілерде жариялау арқылы балалардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жүзеге асып отырды.